Өзегімді өртенген
Өшіре алмай, тас бұлақ,
Сенің тастай суыңа
Жүрегімді лақтырам...
Жұлдыз тамып, бір-бір үміт сөнеді.
...Көк жүзіне қарамайды ел енді...
Сен аспанды көре алмай қалды деп,
Асфальттардан аршып алғым келеді...
Жерім менің...
Ой – дауа деуші ед.
Сорларым – ойдан.
Ой – даушы...
Бір асау ойға бір абыз ойым бұғаушы.
Мақпал-ау, сен ғой ғасырлық төзімдеріңмен
Ақ кеме күткен жолаушы,
Ақ кеме күткен жолаушы!
Балалықтың елесін мәпелегін,
Есейгем жоқ. Мәңгіге бөпең едім.
Жүрегімді орап ап орамалға,
Мен өзіңе қайтадан әкелемін,
Туған үй!